қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
04.12.2017

 

«ТӘН СҰЛУЛЫҒЫ  - ҰСТАЗДА» АТТЫ СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛІ

 

1 желтосқан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесі күні Тәрбие департаменті, Педагогика және психология институтының бірлесе ұйымдастыруымен «Тән сұлулығы - ұстазда» атты жалпыуниверситеттік спорттық фестивалі өткізілді. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саламатты қоғамды қалыптастыру саясатын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан спорттық шара барысында  арқан тарту, волейбол, қазақ күресі,  жеңіл атлетика, веложарыс, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ,  қол күресі спорттық ойын түрлері  бойынша жарыстар ұйымдастырылып, ректорат құрама командасымен қатар  барлық институттардан 7  команда қатысты.

 

Мерекелік спорттық шараны университет ректоры Такир  Балықбаев ашып, биылғы оқу жылы университет абыройын асқақтатып, туын көкке желбіретіп жүрген  республикалық, қалалық жарыстар мен IX жазғы Универсиаданың түрлі ойындары бойынша жеңімпаз атанған  56 спортшыны арнай диплом және ақшалай сыйақымен марапаттады.Екі күнге созылған спорттық фестивальдің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында ұйымдастырылған спорттық ойындар нәтижесі бойынша ІІІ орынға 19 ұпаймен Жаратылыстану және география институты, ІІ орынға 22 ұпаймен Өнер, мәдениет және спорт институты орналасса, 25 ұпай жинаған Педагогика және психология институтының командасы І орын жүлдегері атанды.


Студенттер арасында ұйымдастырылған спорттық ойындар нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте 19 ұпаймен ІІІ орынды Математика, физика және информатика институты, 23 ұпаймен ІІ орынды Сорбонна-Қазақстан институтының командасы иеленсе, 24 ұпай жинаған Жаратылыстану және география институтының командасы І орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаз атанған командалар университет ректорының грамотасы және кубогымен марапатталды.
Тұңғыш Президент күніне орайластырылған бұл шара жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық бірлікті нығайта түсті.

 

  

 

  

 

  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты
жөніндегі департамент

 



537

Кері оралу