қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
10.01.2018

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДАҒЫ 

«ТӘРБИЕ ЖЕТЕКШІCІ МЕКТЕБІ» СЕМИНАРЫ

 

Университет ректорының тікелей басшылығымен биылғы жылы алғашқы рет білім алушылардың қысқы демалысы уақытында профессор-оқытушылар мен қызметкердердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында 8-18 қаңтар күндері аралығында «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебі ұйымдастырылуда.

 

Бұл мектеп білім, ғылым, тәрбие, ақпараттық технология, экономикалық жоспарлау, жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы, академиялық саясат, академиялық ұтқырлық мәселелерін қамтитын 8 сессия бойынша жүргізілуде.

 

Университеттегі тәрбие жетекшілігі жүйесінің тиімділігін арттыру, тәрбие жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында аталмыш мектеп аясында  2018 жылдың 8-9 қаңтар күндері аралығында «Тәрбие жетекшісі мектебі» семинары өтті.

 

Екі күнге созылған семинар тұлға психологиясы, жастардың физикалық белсенділігі, тәлімгерлік тәжірибе мәселелері тақырыптары  аясында жүргізілді. Ұйымдастырылып отырған бұл семинар жұмысына     150-ге жуық тәрбие жетекшісі қатысты. Сабақтар тренинг, талдау-пікірталастар, интерактивті білім беру технологияларын қолдану арқылы семинар-практикумдар, топтық жұмыс түрінде жүргізілді.

 

Семинар сабақтарын  университетіміздің білікті ғалымдары академик Жамиля Намазбаева,  профессор Шамшидин Балғымбеков,  психолог-мамандар Мира Ибашова, Анель Садықовалар  жүргізді.

 

Семинардың қорытынды сабағын «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері  Куляйхан Тұрдақынова жүргізіп, оқу-тәрбие барысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры  Жанатбек Ішпекбаев  «Тәрбие жетекшісі  мектебі» семинарын қорытындылап, шеберлік сабағын аяқтаған  тәрбие жетекшілеріне сертификаттар табыстады.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

     

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

 жастар саясаты жөніндегі департамент 

 



236

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler