қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.01.2018

ДЕПУТАТТАР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламент төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының ректорлары және проректорларымен кездесті. Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

 

Кездесуде Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына байланысты сұрақтар талқыланды.

 

Гүлмира Исимбаева Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысы қол қойған салық заңнамасы блогы, кедендік реттеу туралы заңдар блогы, Әкімшілік кодекс және тағы басқа бірқатар заңдарға тоқталып, қазіргі таңда, тікелей білім беру жүйесімен байланысты «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне университеттердің академиялық және басқару тәуелсіздігін кеңейту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы айтып берді.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Жәмиля Нұрманбетова Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту туралы заң жобасына тоқталды: «Ол 78 қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған», - деп атап өтті, сондай-ақ, заңның негізгі тұстары Назарбаев Университетінің тәжірибесін тарату және жоғары оқу орындарының академиялық және әкімшілік дербестігін кеңейтуге байланыстылығын көрсетті.


Қызу талқылауға «Tұран» Университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті Рахман Алшанов, Қазақ-неміс университетінің ректоры Ольга Moсковченко, Казақ-Британ техникалық университетінің ректоры Кенжебек Ибрашев, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Раиса Ускенбаева қатысты. Жоғары оқу орындарының басшылары талқыланып отырған мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.

 

12.01.2018 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz

 



277

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler