қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
13.02.2018

ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІ МЕН ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ

 



2018 жылдың 6-8 ақпан аралығында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры профессор Такир Балықбаев оқу орнының білім алушылары және профессор-оқытушылар құрамымен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, университеттің білім беру бағдарламасын жетілдіру бағытындағы озық идеяларымен бөлісіп, көкейкесті мәселелерін ортаға салу мақсатында кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында ректор Такир Балыкбаев Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдаудағы «Адами капитал - жаңғыру негізі» жетінші міндетті жүзеге асыру барысында университетте ғылыми бағыттағы жасалып жатқан оңтайлы мәселелерге аса ден қойылып жатқандығына тоқталды: «Ғасырға жуық тарихы бар университетіміз бүгінгі күнге дейін 200 мыңнан астам түлек ұшырып, 3 мыңнан астам ғылыми кадрлар даярлады. Университетіміздің 90 жылдығын атап өту бойынша арнайы шаралар кешені әзірленіп, соған сәйкес 70-тен астам іргелі шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда, біздің алдымызда көптеген міндеттер тұр. Атап айтқанда, бұқаралық спортты дамыту, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларын күшейтуді қолға алғалы отырмыз. Осы міндеттерді іске асыру үшін біз Сіздермен біріге жұмыс жасауымыз қажет. Сіздермен кездесуіміздің бірден бір себебі де осында. Мен, болашақта университетіміз қандай болуы тиіс, педагогтың мәртебесін қалай көтереміз деген сауалдарға әрбіріңіздің пікірлеріңізді тыңдағым келеді» - деп ойын түйіндеді. Кездесудің ерекшелігі, қатысушылар еркін пікір алмасып, ашық сұхбат түрінде жүргізілді. Жиын барысында қатысушылардың тарапынан өздерін толғандырып жүрген бірқатар өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылып, түрлі ұсыныстар айтылды.

 

 

Такир Балықбаев ғылыми ізденістері бағытында үлкен жетістікке жеткен жас ғалымдардың алдағы уақытта оқу орнымызда жас маман ретінде жұмыспен қамтылатындығын және оқытушылардың мәртебесін арттыру жұмыстары жалғасатындығын айтты.

 

Авторы: Қазына Бекбенбетова
Абай атындағы ҚазҰПУ - дың

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының орынбасары

13.02.2018 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz

 



228

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler