қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.04.2018

Алматы аймақтық ЖОО ректорлары кеңесінің мәжілісі

 


 

Жуырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Алматы аймақтық ЖОО ректорлары кеңесінің» кезекті мәжілісі өтті. Ректорлар кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамытуға және болашақ мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін шешу мен отандық ғылымды дамыту бойынша жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталады.

 


 

Алматы аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесі 2011 жылдың 23 тамызында құрылған, оның құрамына 23 университет кіреді: оның ішінде 7 ұлттық университет (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы), сондай-ақ алдыңғы қатарлы қазақстандық жоғары оқу орындары (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, «Нархоз» университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, М. Тынышбаев атындағы ҚазККА және т.б.).

 

Кездесуге ректорлар кеңесінің мүшелері мен Алматыдағы 16 жоғары оқу орнының басшылары қатысты.

 

Мәжілістің күн тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жаңғырту және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»; білім беру мазмұнын жүйелі қайта қарау (білім беру бағдарламаларын жаңартуға байланысты, оларды еңбек нарығының нақты мұқтаждықтарына қарай жедел «түзету»; цифрлық білім беру ресурстарын дамыту; жоғары оқу орындарында ғылымның басым бағыттары бойынша іргелі зерттеулерді дамытуға қолдау көрсету; іс-шараларды бірлесіп өткізу (конференцияла, семинарлар, беделді жоғары оқу орындарының жетекші профессорларының дәрістері); Алматы ректорлар кеңесінің қызметін жандандыру мәселелері қарастырылды.

 

Мәжілісті ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев Алматы облысының жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесі мүшелерінің кездесуінің маңыздылығын атап көрсетті.

 

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жаңғырту туралы баяндамасында: «Мемлекет басшысының Жолдауында білім берудің жаңа сапасына негіз ретінде адам капиталына ерекше назар аударылады», - деді Такир Балықбаев.

 

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева ««University 38» университеттер Альянсы Алматы қаласының жоғары оқу орындарында «Рухани жаңғыру» стратегиясын іске асыру алаңы» тақырыбында баяндама жасаса, Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры, Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов «Студенттік спортты дамыту туралы» баяндамасында студенттерге спортпен шұғылдануға және әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізуге тиісті жағдай жасау керектігі туралы айтты. Сөз соңында Қайрат Закирьянов Такир Балықбаевқа «Ұлы дала және Ежелгі Грецияның Олимпиада ойындары. Спорттың шығу тарихы» («Великая степь и олимпийские игры древней Греции. Происхождение спорта») кітабын табыс етті. Мәжіліс барысында Қазақ аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов, Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сәуле Сағынтаев, Алматы менеджмент университетінің президенті Асылбек Қожахметов және ректоры Гүлмира Курганбаева, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин, Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Закирьянов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев, Қазақстан-неміс университетінің ректоры Ольга Moсковченко және т.б. талқыланып отырған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

 

Мәжіліс соңында Алматы аймағы университеттерінің ректорлар кеңесі төрағасының сайлауы өтіп, дауыс беру қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев ректорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

 

Авторы: Римма Жанбаева

12.04.2018 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz

 

 



215

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler