қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
05.07.2018

Бірінші курс студенттерін бейімдеу мәселесі бойынша семинар


Университет ректорының тікелей басшылығымен профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылдың 25-29 маусым күндері аралығында «Педагогикалық білім: болашақ дағдылары» жазғы мектебі өткізілді.


Мектеп оқу үдерісін жоспарлау мен тәжірибесін жоспарлау, «Универ» кеңсесінің жұмысы, қашықтықтан оқыту, студенттер контингентін қалыптастыру, бірінші курс студенттерін бейімдеу жұмыстары мәселелерін қамтитын 8 сессия бойынша жүргізілді. Семинардың басты үйлестірушісі - Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту орталығы.


2018 жылдың 29 маусымы күні Жазғы мектеп аясында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші курс студенттерін бейімдеу стратегиясын жүзеге асыру» семинары өтті.


Семинар жұмысын БАжҚОО директорының орынбасары Александр Семченко ашып, барша қатысушыларға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Одан әрі семинарды ТӘЖ ЖСД директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова жүргізіп,бірнші курс студенттерін университеттік ортаға бейімдеу көпқырлы да көпаспектілі мәселе екендігін атап өтті. Сонымен қатар бірінші курс студенттерін бейімдеудің әлеуметтік-мәдени аспектілеріне тоқталып, азаматтық ұстанымы мен қоғамдық белсенділігі жоғары тұлғаны тәрбиелеу, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында университетте атқарылып жатқан көпшілік-мәдени, алдын алу, психологиялық-педагогикалық шаралар туралы мәлімет берді.


Академик Жәмиля Намазбаева басшылығындағы «Тұлға психологиясы» орталығының психолог-мамандары бірінші курс студенттерін бейімдеу бойынша психологиялық тренинг жүргізді.


Семинар қорытындысында Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Дидарбек Ділдәбек университетте жастардың бастамалары мен белсенділігін арттыру бағытында жұмысын жасайтын Жастар комитеті, Институттардағы өзін-өзі басқару кеңестері, студенттік клубтар мен үйірмелердің қызметтерімен таныстырды.


Семинарға 70 астам тәрбие жетекшілері мен университет белсенділері қатысты. Семинар жұмысының соңында барлық қатысушыларға «Академиялық адалдық кодексі», «Студенттің анықтамалық-нұсқаулығы» тарқатылды.

 

         

 

         

 

          

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департаменті



285

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler