қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.12.2018

Латын қарпіне көшуде жас ғалымдар ұстанымы: мәселе, пікір, ұсыныс

 

2018 жылдың 11 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді беру беру институтында «Латын қарпіне көшуде жас ғалымдар ұстанымы: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесті университет ректорының «Латын қарпіне көшуде қазақ тілінің өзіндік дыбыс нормасын сақтаудың лингвистикалық негіздері» гранттық ғылыми жобасын орындаушы жас ғалымдар ұйымдастырды. Жоба жетекшісі - директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Жаңагүл Саметова, орындаушылары - академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушы Алмас Найманбаев және «6D021300-лингвистика» мамандығының 2 курс докторанты Тоқтар Керімбеков.

 

Семинар-кеңестің мақсаты: қазақ тілінің латын қаріпіне көшу үдерісіндегі жас тілші-ғалымдардың ой-пікірін білу, түйткілді мәселелерін тыңдау және өзіндік ұсыныстарымен бөлісу болды.

 

Семинар-кеңеске Қазақстан мен Түркия мемлекеті жоғары оқу орындарының, Академиялық зерттеу институттарының 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, ізденуші докторант, магистрант және студенттері қатысты.

 

Атап айтқанда, семинар-кеңес барысында төмендегідей негізгі баяндамалар оқылды:

 

Баяндамашы

Баяндама тақырыбы

Ермұхамет Маралбек - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  Тіл мәдениеті бөлімінің ғылыми қызметкері

Латыннегізді жаңа қазақ әліпбиі және ұлттық орфографияның ғылыми негіздері

Назым Ақымжанова-Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері

Қазақ әліпбиін латынға көшірудің танымдық сипаты

Назерке Жаңабаева- Қазақ мемлекеттік қыздар

педагогикалық университетінің PhD докторанты

Жаңа қазақ әліпбиін үйретудің интербелсенді әдістері

Меруерт Иманқұлова - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, PhD доктор

Латын әліпбиіне көшудің практикалық маңызы

Жанар Өтепова- Алматы университетінің аға оқытушысы

1929 -1940 жылдары қолданылған латын әліпбиі: жетістіктер, кемшіліктер

Арайлым Шормақова- А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, PhD докторант

Жазу реформасы, тіл тазалығын сақтсаудағы ұстанымдар

Айдарбек Ақболатов- М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бекітілген нұсқасы жайындабірерсөз

Дулат Сұлтанбек- Абай атындағы ҚазҰПУ, 5B011700 - қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті

Латын графикасын меңгертудің тиімді жолдары

Osman Кabadayi

Кirşehir Аhi Еvran üniversitesi (Кirşehir/Тürkiye)

Kazak türkçesinin latin alfabesine bir dilci bakişi

 

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша баяндамашыларға сертификаттар табысталып, шешімімен ұсынылған баяндамалар ғылыми жинақ түрінде жарық көретін болды. Ол ғылыми жинаққа Қазақстанның жоғары оқу орындарының, Академиялық зерттеу институттарының 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, ізденуші докторант, магистрант және студенттерінің қазақ тілінің латын қарпіне көшудегі өзіндік ұстанымдары, мәселелері, ұсыныстары жайындағы мақалалары кіреді

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Филология және көптілді білім беру инcтитуты



315

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler