қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
08.05.2019

Ректордың Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының Бас консулымен кездесуі


2019 жылы 8 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-да ректор Такир Балықбаев Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының Бас консулы Баходур Назирмен және Бас Консулдығының үшінші хатшысы Далер Хабибовпен кездесті.

 

Кездесу барысында жоғары білім саласындағы болашақ ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды.

 

Такир Балықбаев қонақтарды ҚазҰПУ-дың қызметімен және жетістіктерімен таныстырды. Ректор университеттің барлық жоғары оқу орындарымен, соның ішінде шетелдермен байланысын нығайтуға дайын екендігін баяндады.


Бас консул Баходур Назир мырза Қазақстан Республикасының Үкіметіне және ректорға жоғары кәсіби кадрларды даярлағаны үшін алғысын білдірді. Баходур Назир туризм саласындағы ынтымақтастық жасауға ниетін білдірді. Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон 2018 жылды елде туризм және халық қолөнерін дамыту жылы деп жариялады. Сонымен қатар, Баходур Назир Бас консулдық тарапынан ҚазҰПУ мен Тәжік мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастықты орнату туралы бастама көтереді.

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті


 



269

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler