қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
16.05.2019

Университетте сейсмикалық жаттығу өткізілді

 

2019 жылдың 16 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жер сілкінісі кезіндегі университеттің басшылық, командалық және профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің, қызметкерлердің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.

 

Жер сілкінісі орын алған жағдайда дұрыс әрекет дағдыларын және сақтану іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттері мен оқытушылары қатысып, жер сілкінісі кезінде туындайтын қауіп және жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы ережелермен таныстырылды. Жаттығу барысында студенттерді университеттің аудиторияларынан қауіпсіз орынға эвакуациялау бойынша жаттығулар жүргізілді.

 

Аталмыш іс-шараға институт директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың орынбасары Әділ Байғалиев және профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.

 

   

 

   

 

  

 

Азаматтық қорғаныс және жұмылдыруға дайындық бөлімі


 



77

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler