қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
 
ҰТО №1 филиал

 

1. Тестілеуге өтініш беру

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініштер 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында белгіленген үлгідегі бланкіде қабылданады.

Өтініш білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • 2 фотосурет (3х4 өлшемді)

Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін тестіленушіге:

  • бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
  • тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.

2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

x  ҰБТ пәндері 2 блоктан - 5 пәннен тұрады (3 міндетті пән және тандау бойынша 2 бейінді пән)

1 - блок (міндетті пән)

      Қазақстан тарихы

      Математикалық сауаттылық

      Оқу сауаттылығы

2 - блок (таңдау пәні)

      Бейінді пән 1

      Бейінді пән 2

xБейінді пәндер (Математика, Физика, Биология, Химия, География, Тарих, Ағылшың/Неміс/Француз тілі, Адам.Қоғам.Құқық, Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің бейінді пәндері жоғарғы оқу орындарының мамандықтар тізбесіне қарай таңдалады.

x  ҰБТ қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыруға болады.

Тест тапсырмаларының саны - 120

Максималды  балл  саны - 140

 

3. Тестілеудің  мерзімі мен ұзақтығы

x  Тестілеу ҰБТ өткізу пунктерінде (ҰБТӨП) 20 маусым -  1 шілде аралығында өткізіледі.  

x  ҰБТ-ның басталу уақыты  - сағат 09.00 (жергілікті уақытпен )

x  ҰБТ-ға бөлінетін уақыт - 3 сағат 50 минут.

xТестіленушіге дәлелді себеппен ( әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.

 

4.Тестілеудің нәтижелерін жариялау

x  Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерімен танысуға болады:

x  ҰБТӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)

x Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында. Тестіленуші нәтижесін  көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.

 

5. Апелляция

x  Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті тестіленушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00 дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік ішінде қарастырады.

x  Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіру рұқсаттамасын әкелуі керек.

x  Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.

 

6. Сертификат

x  ҰБТ нәтижесі туралы сертификат.

x  Сертификаттың жарамдылық мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

x  Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.

 

7. Шығармашылық (арнаулы) емтихан

x  Шығармашылық дайындықты талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.

x  Шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

x  Шығармашылық емтихан және өтініштерді қабылдау  оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады.

    Шығармашылық емтиханның мерзімі:

  • Өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 7 шілдеге дейін;
  • Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.

x  Шығармашылық мамандықтарға түсетін түсушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу блогы бойынша баллдар ескеріледі.

Әрбір шығармашылық емтиханнан максималды балл - 40.

Шығармашылық емтихан ескергендегі максималды балл - 120.

x  Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған түсушілер үшін бір арнаулы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу)  ЖОО орнында өткізіледі.

Арнаулы емтиханның мерзімі:

  • Өтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
  • Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.

 

8. Кейбір жаңалықтар

x  Ағымдағы жылы ҰБТ - ны жалпы негізде тапсырады:

  • жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;*
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;**
  • «Алтын белгі» иегерлері;***
  • АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері
  • Халықаралық мектеп бітірушілері

Ескертпе: *,**,*** Бұл тұлғалардың басым құқығы білім гранттарының тағайындау конкурсында басқа талапкерлермен баллдары бірдей болған жағдайда ғана ескеріледі.

 

9.Жоғары оқу орындарына түсушілер

x  Жоғарғы оқу орнына түсу үшін шекті балл:

þ  50 баллдан кем емес ( «Жалпы медицина» мамандығы бойынша - кемінде 65 балл);

þ  Ұлттық жоғарғы оқу орындарына түсу үшін кемінде - 65 балл («Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша - кемінде 60 балл);

x  Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.

x  Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz  сайтында жарияланады.

 

10. ҰБТ қайта тапсыру

x  Шектік баллды ала  алмағандар, нәтижелері жойылғандар және ҰБТ - ға қатыспағандар ҰБТ қайта тапсыра алады.

ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:

þ Өтініштерді қабылдау 1 - 8 тамыз аралығында;

þ  Тестілеу 19 -24 тамыз аралығында жүргізіледі.

x  ҰБТ қайта тапсыру кезінде шектік баллды ала алмаған түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін қайта тапсыра алады.

x   ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:

þ Өтініштерді қабылдау 5 қаңтардан 12 қаңтарға дейін;

þ  Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.

 

Назар аударыңыз!!!

x  Сіз тестілеуден өту үшін ҰБТӨП-ке рұқсаттамада көрсетілген күні өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алып  келуіңіз керек:

þ ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;

þ жеке басын куәландыратын құжат;

þ қара немесе көк  сиялы қалам;

x  ҰБТ кезінде тыйым салынады:

þ рұқсатсыз және уәкілетті тұлғаның ілесіп жүрусіз аудиториядан шығуға;

þ бір орыннан  басқа орынға ауысуға, сөйлесуге;

x  Тестілеу аяқталғанға дейін емтихан материалдарын сыртқа алып шығуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіруге;

x  Аудиторияға анықтамалық әдебиеттер мен оқулықтар, шпаргалкалар, тестілеудің мазмұнына және оның дұрыс жауаптар кодымен алатын мәліметті, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, iPhone, SmartPhone)  ноутбук, плейер,модем алып кіруге және қолдануға;

x  Кез-келген радио-электронды байланыс түрін қолдану (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G);

x  Емтихан материалдарын (жауап парақтары мен  кітапшалар) умаждау, корректор сұйығын қолдану арқылы, кітапшаның бетін жырту, жауап парағында бояуға қарастырылмаған секторды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлінуіне жол беруге.

Көрсетілген материалдар мен құралдарды пайдалануға аудиторияларда ғана емес, ҰБТӨП-тегі тестілеудің барлық кезеңінде тыйым салынады.

Ескерту!!!

x  Тестіленушіден тыйым салынған заттар табылғанда және аудиторияда тәртіп сақтау ережесін  бұзған жағдайда, тестіленуші актімен аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.

x  Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның тестілеу нәтижесі өңделмейді.

x  Тест барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, бөгде  тұлға  және орнына бөгде тұлғаны кіргізуге заңсыз әрекет жасаған  тестіленуші тестілеуге  жіберілмейді.Тестілеу барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, бөгде тұлға тестілеуден шығарылып, нәтижесі жойылады.

Дайындық үшін!!!

x  ҰБТ жаңа форматтағы тест тапсырмаларымен дайындалу үшін:

þ  Онлайн байқау сынағы;

(толық ақпарат http://www.testcenter.kz/entrants/ent-kta-try-online/ );

þ  Кітапшалар мен жауап парақтары;

(Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары арқылы (ҰБТӨП);

þ Оқу - әдістемелік құралдар.

x   Байқау сынағының бағасы және төлем жасау жолдары:

þ Онлайн байқау сынағының бағасы - 260 теңге, төлемді АҚ «Халық банкі», АҚ «Казпочта» немесе «Касса 24» терминалдары арқылы жасасаңыз болады.

þ Кітапшалар мен жауап парағының бағасы - 351 теңге, төлемді АҚ» Халық банкі» , АҚ « Казпочта» арқылы жасайсыз.

x  Оқу - әдістемелік құралдары ағымдағы жылдың наурыз - сәуір айларында шығарылады.Бағасы -414 теңге. Төлем АҚ

«Халық банкі» немесе АҚ « Казпочта» арқылы жасалады.

x  ҰТО филиалдарының мекен - жайы (ҰБТӨП)

http://www.testcenter.kz/about/filialy/

x  ҰБТ - ның жаңа форматы жайлы толық ақпарат:

  •  ҚР Білім және ғылым министрлігі http://edu.gov.kz/ru
  • Ұлттық тестілеу орталығы http://www.testcenter.kz/

 

ҰТО №1 филиал адресі Алматы қаласы, Қазбек би, 30 каб. №114

Байланыс телефондары: 2918780

 

 

 
 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Талапкерлерге
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Мансап бөлімі
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңберлері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы №1 филиалы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Талапкерлерге
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Институттар мен факультет бойынша Ашық есіктер күндерінің кестесі
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті