қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
01.09.2020

Ректор ұстаздарды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

 


 

Бүгін, 1 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында ұстаздарды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

 

«Құрметті ұстаздар! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!

 

1 қыркүйек - барлық ұрпақты біріктіретін жарқын және мейірімді мереке, бастамалар мен жаңа мүмкіндіктердің символы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сезімімізді бәріміз есімізде сақтаймыз, алғашқы ұстазымыз бен мектептегі достарымыз есімізде.

 

Жаңа оқу жылын жақсы жаңалықтармен бастайық. Сіздерге денсаулық, күш пен шыдамдылық тілеймін.

 

Сіздердің алдарыңызда маңызды және жауапты міндеттер тұр - лайықты ұрпақ тәрбиелеу, әр оқушының қабілеттерін ашу, оның көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, болашақ мамандығын таңдауға дайындық. Оқушылардың жетістіктері Сіздердің марапаттарыңыз болсын! Ал жұмыс тек қуаныш пен амандық әкелсін.

 

Барлық мұғалімдерге белгіленген жоспарлардың орындалуын тілеймін. Осы оқу жылы сіздер үшін қызықты әрі жемісті болсын!» - деп жазды Такир Оспанұлы.

 

 

01.09.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com



3

Вернутся назад