қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
20.03.2021

Өзекті мәселе - өткір шешім

 


Жоғарғы оқу орынын бітріген түлекті толғандыратын бірінші мәселе - жұмыс. «Бұл дипломмен қайда жұмыс істеймін? Кіммен мені жұмысқа алады? Менің мамандығыма жұмыс бар ма?» - деген сауалдар әрбір түлектің санасында шырқ үйіріліп тұрады. Қазіргі таңда бұл проблема тек қана жоғары оқу орнын бітірген түлектің ғана емес көптеген жастарды толғандырып жүр.

 

Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университеті өз түлектерін жұмыспен қамтуда іргелі жұмыстар атқарып келеді. Мысал ретінде 2018/2019 оқу жылында түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 97 пайызды құраса, 2019/2020 оқу жылында 95 пайызды құрап отыр. 2019/2020 оқу жылында универнситет жұмыс берушілермен бірлесіп 4300 бос орын жинақтады. Соның нәтижесінде түлектер уақытылы жұмыспен қамтылды.

 

Университет өз кезегінде жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, жыл бойында бітіруші түлектерді дамытуға арналған түрлі жобаларды атқарады. Соның бір көрінісі 3,4 курста педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің 1 жылдық практикасы. 3,4 курс студенттері жыл бойы орта білім беру ұйымдарында практикадан өтеді. Практика барсында өзін дәлелдеген студенттер практикадан өткен мекемесінде жұмысқа қалады. Бұл жоба 2018/2019 оқу жылында қолға алынып оң нәтиже берді. Практика барысында 214 студент жұмысқа орналасса, практика біткен уақытта 204 студент жұмысқа орналасты.

 

Бұл жобаның екі тиімді жағы бар біріншісі: студент өзінің мамандығын дұрыс немесе бұрыс таңдаңанын, болашақта осы мамандық бойыншга жұмыс істей алатынын немесе алмайтынын айқындаса, екіншісі: омы мамандықты қалап түскен студенттер кәсібілігін шыңдап, өзін дәлелдеуге зор мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 3,4 курс студенттері елдегі жағдайға байланысты онлайн режимде практикадан өтіпі жатыр. Биылғы нәтижелердің жақсы болатынына бек сенімдіміз.

 

Түлектерді жұмысқа орналастыруда ең маңызды дүние бұл бос орын және сол бос орынның студенттер үшін ашық әрі әділ болуы. Осы орайда универсиет екі үлкен дүниені алға тартып айтуына болады. Біріншісі: «Mansap» мобилдік қосымшасы. Қосымша туралы толығырақ айта кетер болсақ, қосымшада білім алушылар өздерінің түйіндемелерін толтырып орналастырады және бос жұмыс орындары туралы ақпаратты көре алады. Ал жұмыс берушілер қосымшаға тіркеліп, өздеріне қажетті бос орынды жариялайды. Жариялаған бос орындарына сәйкес түлектеріміздің түйіндемелерімен таныса алады.

 

Егер екі тараптың талабы мен тілегі сәйкес келсе онда тікелей байланыс орнату мүмкіндігі туындайды. Қосымшаның негізгі мақсаты: Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген түлектерді жұмысқа орналасыуын оңтайландыру. Ал негізгі мүмкіндіктері: қосымша жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіні тікелей байланыстыру; тұрғылықты мекен - жай бойынша бос жұмыс орындарын көру; мекемеге қажетті маманды жедел табу; маман іздеуде уақытты үнемдеу; қажетті жұмысты тез табу.

 

Қазіргі таңда, «Mansap» мобилдік қосымшасында 4 063пайдалаушы бар. Жалпы мобиьлді қосымшаға тіркелген жұмыс берушілер - 1012 болса, оның ішінде 604 - мектеп, 311 - балабақша, 97 - жеке меншік мекеме бар. Мобильді қосымшаға тіркелген студенттер 3051 - ді құрайды. «Mansap» мобилдік қосымшасы 2019 жылдың қаңтарында басталып, 2019 жылдың 12 сәуірінде қолданысқа берілді. Бұл қосымша да өз кезегінде жұмысқа тұрудың ашық әрі әділ жолын нұсқаушы ретінде жұмыс жасап келеді.

 

Жұмысқа бөлуді әділ әрі ашық ұйымдастыруда ерекше атап өтетін екінші дүние - «Bagdar» платформасы. Бұл платформа университет түлектерін университетке келген бос жұмыс орындары негізінде жұмысқа бөлуге арналған. Платформаның ерекшеліктеріне тоқталар болсақ: платформа онлайн режимде жұмыс істейді. Платформада университетке келген барлық бос жұмыс орындары кесте түрінде орналасады. Платформадан студент өзіне керекті аймақты, мамандықты жылдам іздеп таба алады. Платформада берілген бос орынды таңдап студент өзінің аты жөнін енгізеді.

 

Платформаға енгізілген студенттің аты-жөнін өзге студент (адам) өзгерте алмайды. Платформадаға ақпаратты «Мансап» орталығының басшысы Excel форматында жүктеп, сол бойынша жұмысқа жолдама береді. Платформа android, ios, windows ,бағдарламаларына сәйкестендірілген. «Bagdar» платформасы биылғы наурыз айының бірі күні басталып, наурыз айының 16-ында аяқталды. Университеттің «Мансап» орталығы әр жылдың 15 сәуіріне дейін аймақтар мен өңірлерден бос жұмыс орындарын жинайды. Жиналған бос жұмыс орындарын «Bagdar» платформасына орналастырады.

 

Осы платформадан бітіруші түлектер өздеріне қажетті жұмысты тауып өзінің жеке мәліметтерін енгізеді. Енгізілген мәліметті ешкім өзгерте алмайды. Осы арқылы университет жұмысқа бөлудің әділ әрі дұрыс жолын жасады. Заман зымырап көшке қарамай бара жатқан шақта, өзекті мәселелердің туындайтыны айдан анық. Ат сүрінгенше ақыл табатын Қазақтың баласына мұндай уақытта қалыс қалуға болмайды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті түлектерін заманның көшіне ілестіру мақұсатында барлық қолайлы жағдайды жасап отыр.

 

Солардың ішіндегі ең өзектісі - дипломды қолға алған соң жұмысқа орналасу мәселесі. Бұл мәселені жан-жақты қарастырып оң жолға қойды. Офлайн режимде де онлайн режимде де жұмыс жасауға, таңдау жасауға жол ашты. Жоғарыда атап өткен үш жоба да бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылу үшін жасалған. Қорыта келегенде, ең өзекті мәселеге - өткір шешімдер қабылдау ұстаздар ұстаханасының негізгі міндеті.

 

Авторы: Рақымберді Жетібай,
Абай атындағы Қазақ үлттық
педагогикалық университетінің докторанты, 1 курс, Алматы қаласы

20.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz