қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
10.10.2019

«Қазіргі әдеби үдерісті зерттеудің өзекті мәселелері және ғалым Т. Тебегеновтің шығармашылығы»

 

2019 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да (Достық даңғылы 13, Алматы, Қазақстан) Темірхан Тебегеновтің 70 жасқа толуына арналған «Қазіргі әдеби үдерісті зерттеудің өзекті мәселелері және ғалым Т. Тебегеновтің шығармашылығы» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы Филология және көптілді беру институты ғалымдар мен оқытушыларды, арнаулы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

 

Мақала авторларына қатысқаны жөнінде сертификат беріледі.

 

Ұйымдастырушылар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институтының С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы.


Өтетін орны мен уақыты: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Үлкен мәжіліс залы

Тіркелуі 9:00 - 9:45

Алқалы мәжіліс және секция мәжілістері 10:00 - 18:00

 

Байланыс деректері: Конференция материалдарының жинағына қатысты - Каримова Гүлмира Сарсемханқызы, С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD. е-mail: t.tebegenov70@mail.ru. Телефон:+ 7 7089155083.