қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.05.2020

Игі істердің ұйытқысы

 


 

Халқымыз көшіп-қонып жүрген қиын-қыстау кезде де жетімін жылатпай, жесіріне қамқор болып, көршісіне көмек қолын созған. Үнемі үлкенін құрметтеп, кішіге ізет көрсетіп, жолынан жығылмаған ұлтымыз ұрпағына үлкен тәрбиені осылай іспен көрсеткен. Бүгінде бабалар жолынан жаңылмағандар да аз емес. Соның айшықты мысалы ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болған игі шараны да айтсақ болады.

 

Таяуда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариеваның, «Ізгілік елшілігі» еріктілер қозғалысы мен студенттер әкімшілігінің қолдауымен №8 жатақханада тұратын шетелдік студенттерді Қазақстанның бірлігі күнімен құттықтап, университет басшылығының атынан сыйлық жиынтықтарын тапсырды.

 

Сыйлық жиынтықтарын дайындауға және жеткізуге көмек көрсеткені үшін кәсіподақ төрағасы Мұхтар Ибраймовқа, студенттер кәсіподақ комитетінің есепшісі Аружан Максутоваға, ректордың кеңесшісі Мақсат Жақауовқа, студенттік ректор Қуаныш Төрегелдиевке ерекше алғыс айтылды.

 

Осылайша, тоқсан жылдық тарихы бар университет игі істердің ұйытқысы болып жүр.

 

 

06.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com