қазақша · русский · english
   

 

"ДЕФЕКТОЛОГИЯ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ


 

Жоғары білім беру жүйесіндегі үш тілді білім беруге кезең-кезеңмен өту


 

Жоғары оқу орындарына қабылдау

 

5В010500-«Дефектология»
мамандығы бойынша мәлімдеме

Біздің ортамызда дамуында әр түрлі ерекшеліктері бар тұлғалар күнделікті кездеседі. Сол тұлғалар қандай мекемелерде оқиды, оларды кім оқытады, оларға қандай ерекше қолдау көрсетеді деген сұрақтарға арнайы педагогика деген ғылым жауап береді. Арнайы педагогика- жалпы педагогикалық білім алу барысында қиналатын, немесе мүлдем оқи алмайтын кемтар тұлғаларға арнайы білім беруді қамтамасыз ететін ғылым.
Арнайы педагогиканың мақсаты дамушы тұлғаның қоғамға бейімделуге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге тәрбиелейді. Бұл қойылған мақсат мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін өте маңызды болып табылады. Жеке тұлғаның тәуелсіз және еркін өмір сүруге қол жеткізуді жетекші бағыт ретінде қарастырады. Ал сол мақсатқа жету үшін арнайы педагогика келесі міндеттерді орындайды:
• Дамуында кемістікті, ауытқуды түзету;
• Педагогикалық құралдар арқылы дамуындағы кемістікті, ауытқуды теңестіру, орнын толықтыру;
• Абилитация (ерте жас кезеңі үшін) - әлеуметтік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезеңінде пайда болатын паталогиялық жағдайлардың алдын алу, емдік, педгогикалық шаралар жүйесін жүзеге асыру, ол қоғамда еңбектену және пайдалы мүше болу үмкіндігін туғызады.
Қазақстанда «Дефектология» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда 1976-1977жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде бастаған. Қазіргі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстандағы дефектолог мамандарды даярлаудағы басты университет болып табылады.
Бұл мамандықтың ашылғанына 37 жыл толды. Осы мамандықтың дамуына үлкен үлес қосқан дефектологтар: акдемик Намазбаева Ж.И., Аутаева А.Н, Тайжан А.А., Мовкебаева З.А., Бектаева К.Ж., Рсалдинова А.К., Өмірбекова Қ.Қ., Байтурсынова А.А., Макина Л.К., Жалмухамедова А.К., Абаева Г.А., Кошикова Ж.И., Байдосова Д.К., Тыныбаева Л.М., Тулебиева Г.Н., Даурамбекова А.А. т.б. жұмыс жасауда.
Арнайы педагогика кафедрасы төрт мамандық бойынша студенттер дайындайды:
Олигофренопедагог (зияты зақымдалған балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі мұғалім), мұғалім- логопед.
Мұғалім - логопед, күрделі тіл кемістігі бар балаларға арналған бастауыш сынып мұғалімі.
Тифлопедагог (көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімі), әлеуметтік педагог.
Сурдопедагог (есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі бастауыш сынып мұғалімі), әлеуметтік педагог.
Бұл саладағы мамандар статистикалық көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша өте аз. Соның ішінде әсіресе қазақ тілінде дайындалған мамандар үлкен сұранысқа ие.
Арнайы педагогтың кәсіптік қызметіні пәні арнайы мектепке дейінгі түзету ұйымдарында, емдік мекемелер (жанұялық- дәрігерлік амбулаториялар, емханалар, ауруханалар,) қоғамдық ұйымдар (естімейтін, көрмейтін, мүгедек қоғамдарды, оңалту орталықтары, түзету кабинеттері, әлеуметтік, әділеттік салалар, отбасындағы жеке бастық қызмет)
Сонымен қоса арнайы педагогтардың (дефектологтардың) жалақысына мемлекет тарапынан 30% қосылады және оданда жоғары мөлшерде жалақы қосылу жоспарлануда.
Сондықтан сіздерді осы қажетті және өте маңызды мамандыққа шақырамыз, сіздерді күтеміз!
Педагогика және психология институты.
Алматы қ. Төле би көшесі №31, тел:291-64-32, 291-33-53
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:
Алматы қаласы, Қазбек би көшесі 30, 1-ші қабат, 100, 114 кабинет.
Байланыс телефоны: +7(727) 291-73-71