қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.03.2018

 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы «5B011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өткізеді.

 

Республикалық пән олимпиадасының бағдарламасы:

1-кезең. Студенттердің өз командаларын кәсіби тұрғыдан таныстырылады.

2- кезең. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемесі пәндері бойынша қатысушының теориялық білімі тест арқылы тексеріледі.

3-кезең.Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қатысушы студенттердің теориялық білімдері мен танымдық деңгейлерін анықтау мақсатында нақты тақырып бойынша эссе жазылады.

4-кезең.Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша панорамалық сабақ өткізіледі.

 

Өтетін уақыты: 2018 жылдың 9-10 сәуірінде, сағат 9.00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық данғылы, 13

 

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты

Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы

 

Байланыс ақпараты: 87015401514, 87077473818

E-mail: guljantal@mail.ruaksulu_respect@mail.ru

 

Қосымша: ақпараттық хат

Ереже

Олимпиаданың бағдарламасы