қазақша · русский · english
 
 
 
 Таңжарықова Алуа Василийқызы
Факультет деканы
Филология ғылымдарының докторы
Достық даңғылы, 13
 +7(776) -888- 88 -07
alua1973@mail.ru

 Нүптекеева Гүлназ Байқонаққызы
Деканның оқу ісі және ғылыми істер жөніндегі орынбасары
Лингвистика магистрі, аға оқытушы
Достық даңғылы, 13
 8-701-433-19-79
nuptekeeva79@mail.ru

 Кенесхан Аяжан Бауыржанқызы
Филология факультеті деканының халықаралық-ынтымақтастық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары
Магистр
Достық даңғылы, 13
 8-747-348-63-93
keneskhana002@gmail.com

 

 

 

Миссия:

Біз озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәсілдер негізінде қазіргі заманғы білім беру қажеттілігін болжайтын педагогтарды дайындаймыз.

 

Біз мұғалім мамандығының беделін арттырамыз және адами капиталды дамытудың драйвері боламыз.

 

Пайым - 2026

Филология факультеті 2026 жылға қарай Филологияның жоғары мектебіне - жаңа формациядағы кадрлар даярлаудың жетекші орталығына айналады, ол:

- отандық және әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін халықаралық стандарттар деңгейінде ғылыми-білім беру процесін жүзеге асырады;- инновациялар негізінде білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етеді;- адам капиталын дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік береді.

 

Факультет туралы

1928 жылы университетте физика-математика және лингвистика-педагогика бөлімдерінен тұратын жалғыз факультет болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары лингвистика бөлімінің базасында филология факультеті ашылып, оған 49 студент қабылданды. Факультеттің іргетасын алаш зиялылары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, С.Аманжолов, М.Әуезов және т. б. көрнекті ғалым-қайраткерлер қалады.

 

Бүгінгі таңда Филология факультеті - бұл қазақ және орыс филологиясын, әдебиеттану мен лингвистиканы оңтайлы үйлестірген классикалық және заманауи білім беру ошағы. Факультетте студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.

 

Факультет  құрылымы

Факультет құрылымына 3 кафедра кіреді:

- Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы

- Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы

- Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

Факультетте оқу үдерісін ұйымдастыру үшін:

- АКТ құралдарымен жабдықталған  30 дәрісхана;

- 45 орындық оқу залы;

-  2 орталық жұмыс жасайды.

 

Кадрларды дайындау білімнің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

 

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті IP

7М011701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

8D011701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01702 - Орыс тілі мен әдебиеті

7М01702- Орыс тілі мен әдебиеті

8D01702 - Орыс тілі мен әдебиеті

6В01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

 

 

6В01725 - Орыс тілінде оқытпайтын мектеп.орыс тілі мен әдебиеті

7М01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектеп.орыс тілі мен әдебиеті

 

6В02307 - Филология

7М02307 - Филология

 

6В02301 - Филология

7М02301 - Филология

8D02301 - Филология

 

7M02315 - Лингвистика

8D02315 - Лингвистика

 

7М02308 - Әдебиеттану

8D02308 -Әдебиеттану

 

7М02309 - Әдебиеттану

8D02309 -Әдебиеттану

 

Филология факультеті тіл мен әдебиетті, сөз өнері мен мәдениетін оқытатын нағыз шеберхана болып табылады. Мұнда алынған білім мен тәжірибе білім алушылардың өзін танытуына және тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді, өзгермелі әлемде шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді.

 

Филология факультетінің жарқын, есте қаларлық, қызықты студенттік өміріне белсене қатысуға қош келдіңіз!