қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
02.02.2021

«I teach in English» жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

 


 

Бүгін, 2 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында қазақтың тұңғыш университетінде 2018 жылдан бастап «I teach in English» жобасы жұмыс істейтінін, аталған жоба жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жазды.

 

«Мақсаты - магистратураға түсу үшін 4 курс студенттерінің тілдік дағдыларын қалыптастыра отырып, ағылшын тілі емтиханына, IELTS, TOEFL тестілеріне дайындау. Оқыту-тегін» деп нақтылады Такир Оспанұлы.

 

Ректордың жазуынша, 2018/2019 жылдары 20 қатысушының 18-і, 2019/2020 жылдары 60-тан 41 қатысушы магистратураға түскен, 2020/2021 қазіргі оқу жылында 40 қатысушының 38-і оқуға түседі деп күтілуде екен. Бұл нәтижелер студенттердің әрі қарай білім алуы үшін мұндай жобаның қаншалықты қажет екендігін көрсетеді.

 

«Құрметті студенттер! Мен сіздерді ағылшын тілін тегін жетілдірудің керемет мүмкіндігін жіберіп алмауға шақырғым келеді. Мемлекет пен университет басшылығы студенттеріміздің сапалы білім алып, сұранысқа ие маман болып шығуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда» деп жазды ректор.

 

02.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com