қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
04.02.2021

«Абай» альбомы жарық көрді

 



Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Халықаралық TURKSOY ұйымы дайындаған «Абай» альбомының тұсаукесері өтті.

 

Іс-шараға TURKSOY Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың басқарма төрағасы-ректор Такир Балықбаев, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Абай» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Жанғара Дәдебаев, тағы басқа да ұлы ақынымыз Абайды жан-жақты зерттеп, дәріптеп жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты.


Басқосуды Такир Балықбаев ашып, ұлы ойшыл, хәкім Абайдың даналығын бүкіл әлемге паш ету, насихаттау мақсатында университетте іске асырылып жатқан іргелі шараларды атап өтті. «Абайтану» бағдарламасы негізінде Абайдың «Толық адам» ілімін жас ұрпақтың бойына сіңіру, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы, шетелдік әріптес университеттердегі Абай орталықтарының жұмыстары мен жүзеге асырылып жатқан жобаларын тілге тиек етті.

 

TURKSOY Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы, профессор Дүйсен Қасейінов өзі басшылық жасап отырған Халықаралық ұйымның 2020 жылды түркі әлемінде «Халықаралық Абай жылы» деп жарияланып, Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралардың халықаралық дәрежеде өткізілуі қазақ халқы үшін үлкен мәртебе екендігін мақтанышпен жеткізді.

 

Одан әрі шара Халықаралық TURKSOY ұйымы дайындаған «Абай» альбомының тұсаукесеріне ұласты. TURKSOY халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрметті профессоры атағы беріліп, сый-сияпат көрсетілді.

 

Дүйсен Қасейінов Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында Абайдың әдеби-мәдени мұрасын жан-жақты зерттеп, зерделеген бірқатар жетекші ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерін Халықаралық «Абай» медалі және Құрмет грамотасымен марапаттады. Олардың қатарында атақты абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, ҚР ҰҒА академигі Жанғара Дәдебаев, университет ректоры Такир Балықбаев, басқа да ғалымдар мен университеттің бірқатар профессор-оқытушылар құрамы болды.

 

04.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz

 



6

Кері оралу