қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
11.02.2021

Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған сурет көрмесі өтті

 

 

Сейсенбі, 9 ақпанда Алматы қаласына қарасты Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігіңің 30 жылдығына орай өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Н.Сац атындағы Балалар және жасөспірімдер академиялық орыс театрында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Отқа оранған жастық шақ» тақырыбындағы сурет көрмесі өтті.

 

Көрмеге Ауған соғысының ардагерлері, жас суретшілер қатысты. Іс-шарада Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Кенеев Ринат Бақдаулетұлы құттықтау сөзін сөйлеп, ардагерлерді және ұжымды аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, Отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбектері үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары Ырыстанұлы Базар (Шығармашылық жұмысы: Бейбітшілікті аңсау) «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен, Иманбакиев Ернат (Шығармашылық жұмысы: Достар әні) «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен және Құрмет громаталарымен марапатталды.

 

Көрмеге көрермендер ыстық ықластарын білдірді. Көрмеге қойылған жас оқытушылардың жұмысы жоғары дәрежеде бағаланып, «Ауғанстан ардагерлері» ұйымының қорына алынды.

 

 

11.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



5

Кері оралу