қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
18.02.2021

«Өмір - өнер» шығармашылық көрмесі өтіп жатыр

 


 

10 ақпаннан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» сурет галереясында «Өмір - өнер» шығармашылық көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде университет оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық жұмыстары ұсынылған.

 

Іс-шараның мақсаты - жастар арасында бейнелеу өнерін насихаттау, студенттерге рухани-адамгершілік білім беру және олардың мәдени дамуы, сонымен қатар, университеттің талантты оқытушылары мен түлектеріне қолдау көрсету.

 

Бұл көрмеге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік студенттері мен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері қатысты.

 

 

18.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com