қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Бостанов Бектас Ғаниұлы

Бостанов Бектас Ғаниұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 

Мен, Бостанов Бектас Ғаниұлы, 1972 жылдың 28 қазанында Алматы облысы Нарынқол ауданы Шалкөде ауылында дүниеге келдім.

1979 жылы С.М. Киров атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, мектепті 1989 жылы бітірдім.

1990-1995 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті физика-математика факультетінің математика және информатика пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша білім алдым.

1995-2000 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар», «Алгебра және геометрия», «Алгебра, геометрия және қолданбалы логика» кафедраларында оқытушы, аға оқытушы болып қызмет атқардым.

1997-2000 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-да  «Алгебра» мамандығы бойынша аспирантурасын тәмамдадым.

2001-2010 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқардым.

2010-2014 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының қызмет атқардым.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен және Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының университетішілік гранты бойынша қаржыландырылатын бірнеше ғылыми жобалардың орындаушысы болып табыламын.

2014 жылдың қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасында аға оқытушы қызметінде жұмыс атқарып келемін.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Математика және информатика мамандығы

1995 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

«Алгебра» мамандығы бойынша аспирантура

2000 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу  теориясы мен әдістемесі (информатика, білім беру жүйесін ақпараттандыру) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты

2010 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу  теориясы мен әдістемесі (информатика, білім беру жүйесін ақпараттандыру)

23.04.2010ж.

 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Білім берудегі цифрлық технологиялар

Білім беру робототехникасы

Білім беру электрондық басылымдарын және интернет-ресурстарды жасау және пайдалану

Робототехника тарихы

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми жобалар:

2015-2017 жж. «Әл-Фарабидің математикалық мұралары заманауи  білім беру жағдайында» (ҚР БҒМ, орындаушы).

2019-2021 жж. «Разработка системы подготовки педагогов к обучению и воспитанию школьников в условиях цифровизации общества». (Абай атындағы ҚазҰПУ, орындаушы).

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

1. Information technology in teaching mathematical heritage of Аl-farabi // CEUR Workshop Proceedings (CEUR-WS.org): Selected Papers of the XI International Scientific-Practical Conference Modern Information Technologies and IT Education (SITITO 2016), Moscow, Russia, November 25-26, 2016. - Vol. 1761. - 2016. - P. 426-439. (в соавторстве Bidaibekov E., Kamalova G., Umbetbaev K.) EID: 2-s2.0-85009437747

2. Al-Farabi`s mathematical legacy and algorithmic approach to resolving problems regarding geometrical constructions in geogebra environment,Patrimônio matemático de Al-Farabi e uma abordagem algoritmica à solução de problemas em construções geométricas no ambiente geogebra // Periodico Tche Quimica

3. Integration of robotics design into the learning process at school | Integração de projeto robótico no processo de aprendizagem na escola (Kozhagul, A., Bidaibekov, Y., Pak, N., Kozhagulova, Z.) Periodico Tche Quimica, 2020, 17(35), с. 404-424

4. Criteria-based assessment as the way of forming students functional literacy in computer science | AvaliaÇÃo baseada em critÉrios como modo de formaÇÃo da alfabetizaÇÃo funcional dos estudantes em ciÊncia da computaÇÃo (Avdarsol, S., Rakhimzhanova, L.B., Sagimbaeva, A.Ye., Khakimova, T.) Periodico Tche Quimica, 2020, 17(35), с. 41-54

5. Al-Farabi`s mathematical legacy and algorithmic approach to resolving problems regarding geometrical constructions in geogebra environment | Patrimônio matemático de Al-Farabi e uma abordagem algoritmica à solução de problemas em construções geométricas no ambiente geogebra (Bidaibekov, Y., Grinshkun, V., Umbetbayev, K., Myrsydykov, Y.) Periodico Tche Quimica, 2020, 17(34), с. 599-620

6. Development of information competency in students during training in Al-Farabi`s geometric heritage within the framework of supplementary school education (Bidaybekov, Y., Kamalova, G., Salgozha, I.) European Journal of Contemporary Education, 2017, 6(3), с. 479-496

7. Information technology in teaching mathematical heritage of Al-Farabi (Bidaibekov, E., Kamalova, G., Umbetbaev, K.) CEUR Workshop Proceedings, 2016, 1761, с. 426-439

 

МАРАПАТТАРЫ

1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», 2018 ж.

2. Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы, 2018 ж. 

 


← Кері оралу