қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
08.06.2021

«Болашақтың» болашағы зор

 


 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында талай-талай бел-белестерден асып, алуан-алуан игі істер мен жаңа бастамалардың, соны жетістіктердің куәсі болсақ, соның бірі - Қазақстан жастарын ғаламдық ең үздік университеттерде оқытуға арналған «Болашақ» бағдарламасының өмірге келуі болатын. Шаңырағын жаңа көтерген жас мемлекетімізді дамыту үшін әлемдік инновациялық технологияларды терең меңгерген білікті мамандар көп қажет екенін ескерген Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ел экономикасының тәлтіректеп тұрған қиын кезіне қарамай 1993 жылығы 5 қарашада «Болашақ» бағдарламасын құру туралы № 1394 қаулысына қол қойды. Соның арқасында Қазақстан жастары шетелдерге оқуға 1994 жылдан жіберіле бастады.

 

«Болашақ» бағдарламасын бекіткеніміз дұрыс болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр, - деп еске алған еді сол күндерді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. - Еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарттарға зейнетақысын бере алмай жатқан кезде, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскерилерге айлығын төлей алмай жатқан тұста жастарымызды әлемнің ең үздік оқу орындарына жіберіп жаттық. Мемлекетіміз әрбір жас үшін жыл сайын 30-50 мың АҚШ доллары көлемінде ақы төлеп отырды». Ия әр қиындықтың өз қайыры болады. Жылдар өте сол қиындықтардың бәрі еңсеріліп, шетелдерге оқуға кеткен жастарымыз елімізге қайтып оралып, өз білімдерін халық игілігі үшін жұмсай бастады. Қазір қарап отырсақ, 1994 жылдан бері 14156 степендия тағайындалыпты. Бұл осыншама жас шетелдерден білікті маман болып оралды деген сөз.

 

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының әлеуеті артып, ауқымы кеңейген шақ. Биылдың өзінде Қазақстан бойынша 1055 степендия бөлініп отыр. Оның 500-і ғалымдарымызға шетелдік ғылыми орталықтар мен үздік университеттерде тағылымдамадан өту үшін. 555-і жастарымызды бакалавриатта, магистратурада және Phd докторантурада оқыту үшін беріледі.

 

Кеше ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Дархан Нұрланұлы Біләлов «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде оқуға талапкерлер мен тағылымдамадан өтуге оқытушылар жіберу туралы меморандумға қол қойды.

 

Біз екі ұйымның басшылары Айнұр Бағдатқызы да, университеттің жаңа ректоры, мен де, «Болашақ» бағдарламасының түлектеріміз, - деді Абай университетінің басшысы Дархан Біләлов. Шетелдік үздік университеттерде білім алып, білікті маман болып оралған жастарға қай кезде де жол ашық. Сондықтан «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік үздік университеттерде оқимын деген жастарымызды мен әрдайым қолдаймын.

 

Халқаралық бағдарламалар орталығының президенті А.Кәрібозова жастарды «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсудің шарттарымен таныстырды.

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс бөлімі

08.06.2021 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz