қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
25.06.2021

Қазақстан мен Қытай ғалымдары цифрландыру саласында бірлесе жұмыс істемек

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Фудан университетінің Чжанцзян институты арасында келісімшартқа қол қойылды. 2021 жылғы 24 маусымда Абай университеті мен Фудан Университетінің Чжанцзян институты (Шанхай, ҚХР) арасында келісімшартқа қол қою рәсімі онлайн форматта өтті.

 

Ынтымақтастықтың мақсаты - энергетиканың көміртек бейтараптылығы және цифрландыру саласында зерттеулер жүргізу үшін бірлескен инновациялық орталық құру, тәжірибе алмасу және «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін кеңейту. Кездесу бейнеконференция (ZOOM) форматында өтті.

 

Ректор Дархан Білялов өз сөзінде педагогтарды даярлаумен ғана емес, сондай-ақ түрлі зерттеу бағытындағы жас ғалымдарды даярлаумен айналысатын Абай атындағы ҚазҰПУ туралы айтып, екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

 

Профессор Сунь Яоцзе (Sun Yaojie) энергетиканың көміртек бейтараптылығы және цифрландыру бойынша зерттеулердің бірлескен жоспарын ұсынды. Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми-зерттеу тобының мүшелері таныстырылып, ҒЗТКЖ мәртебесі ынтымақтастық жоспарларына талдау жасалды.

 

Бірлескен жобаға Жаратылыстану-география институты мен Математика, физика және информатика институтының ғалымдары қатысады.

 

 

25.06.2021 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz