қазақша · русский · english
   
11.04.2022

Erasmus+ бағдарламасының Kazdual жобасы аясында Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім берудің дуальды моделін енгізу

 

2022 жылдың 8 сәуірінде Ғылым онкүндігі мен қолданыстағы Халықаралық KAZDUAL - «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» құрылымдық жобасы, ERASMUS+ бағдарламасының Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (ЖБӘА) компоненті аясында «Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің дуальды моделін енгізу» халықаралық онлайн-семинары өтті.

 

Халықаралық онлайн-семинардың ұйымдастырушылары - Ғылым департаменті, семинар спикерлері Жаратылыстану және география институтының «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» ББ постдокторанты, ҚазҰПУ KAZDUAL жобасының үйлестірушісі Баян Сапаргалиева, сонымен қатар Педагогика және психология институтының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-да KAZDUAL жобасының негізгі тұлғасы Ғалия Абаева болды.

 

Баян Сапаргалиева семинар бағдарламасын таныстырып, университетте жобаны іске асыру туралы айтып берді, сондай-ақ семинарға қатысушыларды жобаның мақсаты, міндеттері, негізгі іс-шаралар және жоба аясындағы күтілетін нәтижелер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

 

Ғалия Абаева педагогикалық мамандықтар бағыты бойынша алғашқы икемді дуальды модельді таныстырып, аудитория назарына ұсынды.

 

Онлайн-семинарға 70-ке жуық қатысушы, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан елдерінің жоғары оқу орындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты, олардың ішінде: ОШ технологиялық университеті, Тәжікстан технологиялық университетінің Исфара қаласындағы филиалы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, А Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті, Шәкәрім атындағы университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей электротехникалық колледжі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Өрлеу біліктілікті арттыру институты, Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері, сондай-ақ Аударма агенттігі және Advance оқу орталығы.

 

Кездесу барысында семинарға қатысушылар дуальды білім беру моделін белсенді талқылап, сұрақ-жауап түріндегі пікірталастар болды.

 

Онлайн іс-шараны қорытындылай келе, аудиторияның жоғары белсенділігін атап өтуге болады, бұл Қазақстандағы дуальды білім беру жүйесі бойынша семинардың өзектілігін көрсетеді, семинарға қатысушылар кәсіптік бағдар беруге бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту, кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беруді жаңғырту және Қазақстандағы дуальды жүйе мәртебесін жаңарту қажеттілігі туралы бірауыздан келісімде болды.

 

Іс-шараға қатысушылар спикерлерге пайдалы ақпарат пен семинарды жақсы ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты. Семинар қатысушылары ұсынымдар ретінде KAZDUAL жобасын табысты іске асыру үшін өз үлестерін қосуға дайындығын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу