қазақша · русский · english
 
 
 
23.12.2014

Көрнекті ғалым-ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ромсейіт Мұхамеджанұлы Қоянбаевтың
75 жылдық мерейтойы аясында 2014 жылдың 2-10 желтоқсанда «Өмірі өнегелі алып тұлға» атты онкүндік өтті.

 


«Педагогика» оқулығының авторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультетінің негізін салған ғалым Р.М.Қоянбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Өмірі өнегелі алып тұлға» атты онкүндік іс-шараның ашылу рәсімі өтті. Соның аясында «Педагогика және психология институты тарихы» кабинетінің ашылу салтанаты болды. 02.12.2014 ж. сағ. 10.00. 15 дәрісхана.
- Кабинетті Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Оқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы және Психология және педагогика институтының директоры Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы ашты.
Сонымен бірге, Р.М.Қоянбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай ғалымның жұбайы Қалдан Мырзағалиқызы, ұлы Бауыржан, інісі Нұғыман Мұхаметжанұлы жұбайы Құмармен және оның ұлы Нұрлан, туысы Арыстан жұбайы Ділбармен т.с.с.сондай-ақ университет ректорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі Ғабит Қапезұлы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, Ромсейт Мұхаметжанұлын еске алып, естеліктер айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу