қазақша · русский · english
 
 
 
28.12.2015

Алғашқылардың бірі болып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте педагогика және психология кафедрасының бастамашылдығымен ҒЫЛЫМИ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ҚҰРЫЛДЫ: МЕКТЕП - КОЛЛЕДЖ - ЖОО!
ҒӘК: мектеп - колледж - жоо педагогикалық - психологиялық, ғылыми - тәжірибелік және әдістемелік жүйе ретінде құрылып, басты негізде білім беру деңгейлерінде білім алушыларды дуалды - бағдарланған педагогикалық даярлығы негізінде білім берудің заманауи парадигмасын іске асыру үшін, педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттырушы және тәлімгер институттардың тиімді жұмысы үшін түрлі білім беру мекемелер күшін біріктіруге бағытталған.
Бастамалық сатыда құрылған ҒӘК құрамына Абай атындағы ҚазҰПУ - дің Педагогика және психология кафедрасы, №2 Алматылық гуманитарлы - педагогикалық колледжі және Алматы қаласының № 132 гимназиясы енген.
Ғылыми - әдістемелік кешен іс - әрекетінің негізгі жақтары: педагогика және психология аясында болашақ мамандарды дуалды - бағдарланған даярлығын дамыту үшін негізгі шарттар құруға мектеп - колледж - жоо бағытталған.
Негізгі құжаттар топтамасы өңделген және бекітілген:
- Ғылыми - әдістемелік кешен іс - әрекеті туралы ЕРЕЖЕ: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология кафедрасы базасында мектеп - колледж - жоо кешені 2015 жылдың 21 желтоқсанынан ынтымақтастық туралы келісім шарт негізінде құрылған.
- ҒӘК ҚҰРЫЛЫМЫ : мектеп - колледж - жоо;
- Ғылыми - әдістемелік кешен іс - әрекеті аясында ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ШАРТ: мектеп - колледж - жоо, 21.12.2015 ж. күшіне енген.
- Ғылыми - әдістемелік кешеннің 2015 - 2018 жж. ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ: мектеп - колледж - жоо;
- 2015/2016 оқу жылына ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.

 

 

 




Кері оралу