қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2019

Студенттердің ғылыми конференциясы өткізілді

 

2019 жылдың 22-23 қарашасында университеттің 74-ші студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясының «Жалпы педагогика» секциясы Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Университеттің «Студенттердің және магистранттардың 74-ші ғылыми конференциясының бағдарламасына» сәйкес осы секцияға университеттің 5 институттарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушы 1-4 курстар студенттері қазіргі педагогикалық ғылымның негізгі бағыттары мен көкейкесті мәселелерін айқындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғауға қатысты. Осы ұсынылған тақырыптар ішінде: Абайдың педагогикалық идеялары, педагог мәртебесінің бүгіні мен болашағы, жаңартылған білім беру жүйесі, замануи мектептерінің озық тәжірибесі, педагогтың кәсіби құзыреттілігі т.б. Жас зерттеушілерді веб-квест, коллаборация, қашықтықтан оқыту, дуалды оқыту, ізгілік педагогикасы, жастардың бос уақытын ұйымдастырудың инновациялық формалары, қазіргі білім берудегі маркетинг технологиялары ерекше қызығушылық тудырды.

 

Ғылыми конференцияның «Жалпы педагогика» секциясын п.ғ.к., доцент Светлана Жұмашева өткізді. Комиссия мүшелері: педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Қорлан Жампеисова және профессор-оқытушылар болды. Секция жұмысына университет институттарының оқытушылары, практиканттар, «Педагог-зерттеуші» студенттердің ғылыми үйірмесінің мүшелері, «Педагог» шығармашылық тобы қатысты.

 

Нәтижесінде жас зерттеушілер осы конференцияны жоғары дәрежеде бағалап,студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ұсыныстар қабылдады.

 

Келесі 75-ші ғылыми конференцияда кездескенше, болашақ педагог-зерттеуші!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу