қазақша · русский · english
 
 
 
18.05.2020

«О, адамдар, біргемін мен сендермен!» әдеби онлайн-кеш

 

Әлем деңгейінде болып жатқан індетке байланысты отандық білім беру жүйесі қашықтан оқыту форматына көшті. Сабақ өту барысымен қатар семинар, конференция, әдеби танымдық кештер онлайн түрде ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр.

 

2020 жылдың 5 мамырында ZOOM жүйесінде Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қалбике Есенованың жетекшілігімен және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университетінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясына өзгеше өріс, тың тыныс, рухани төңкеріс ала келген айтулы ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» әдеби танымдық онлайн-кеш өткізілді.

 

Кешке ақынның қызы ф.ғ.к., доцент Салтанат Айбергенова қатысып, әкесі туралы естеліктерімен, тың деректермен бөлісті.

 

Кешті ақын Елена Әбдіхалықова Төлеген Айбергеновтің сөзіне жазылған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» әнімен ашты.

 

Әдеби кеш қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы Сәуле Жанпейісованың орындауында Төлеген Айбергеновтің сөзіне жазылған «Аққайыңдар» және «Ақсамалдар» әндері айтылып, Актер, әнші, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Байғали Есенәлиевтің орындауында Т.Айбергеновтің «Ақындық», «Бір жетсе менің ажалым жетеді» өлеңдері оқылып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сарина Гүлмираның орындауында «Сағыныш» әні шырқалды. «Төлегенмен сырласу» атты ақынға арнау әнін автор ҚР Мәдениет қайраткері Әбдірайым Өміров орындады.

Қазаққа белгілі азаматтар Байғали Есенәлі, Бауыржан Жақып, Алпысбай Тамаев, Бақтыбай Жайлауов, Тұрсынай Төрткүлбаева, Алимбай Найзабаев, Әсенәлі Көшеров, Әл-Фараби Бегарысұлы әдеби танымдық онлайн кештін қонағы болды.

 

Ш.Есенов атындағы КМТИУ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Т.Айбергеновтің өлеңдерін оқыды.

 

Ғалым Әлімбай Найзабаев «Төлегентанудағы басты мәселелер» тақырыбына тоқталып өтті.

 

Әдеби кешті ф.ғ.д., профессор Есенова Қалбике Өмірбайқызы қорытындылай келе, ақынның қызы Салтанат Айбергеноваға, қатысқан қонақтарға алғыс білдірді.

 

   




Кері оралу