қазақша · русский · english
 
 
 
22.05.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ командасы республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы

 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін пән олимпиадасы әлем деңгейінде болып жатқан індетке байланысты биыл онлайн түрде өтті.


2020 жылы 20 мамырда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ Республикалық онлайн пән олимпиадасы өткізілді.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Гүлсамал Дюсембинаның жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттерінен құралған «Ұлттық таным» тобының мүшелері Ақнұр Нұржан, Самғат Мұқан, Оңалар Қалибек республикамыздың барлық өңірінен қатысқан 20-ға жуық команданың ішінен жүлделі 2-ші орынды қанжығасына байлап қайтты.

 

Кафедра мүшелері Гүлсамал Дюсембинаны және «Ұлттық таным» тобының мүшелерін шын жүректен жеңісімен құттықтайды.

 

   

 

 

 




Кері оралу