қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2021

Үздік студент


Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мамандығының 4-ші курс студенті Самғат Мұқан қашықтан сапалы білім алып қана қоймай, түрлі республикалық онлайн-турнирлер мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтқанда, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Әлем таныған Абай» республикалық өнер және шығармашылық байқауына қатысып бас жүлдені, «Абай-дана, Абай-дара» республикалық байқаудан, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы аясында «Поэзия менімен егіз бе едің?» және «Ustaz tilegi» ғылыми- әдістемелік орталығы ұйымдастырған студенттер арасындағы шығармашылық конкурстарда І орын иегері атанды.


Сонымен қатар, Самғат Мұқанның «Үздік түлек-ТМД» кітап жинағына өмірбаяны жарияланып, төсбелгісі мен куәлігі берілетін болды. Самғат Мұқанның жетекшісі профессор Нағима Ильясоваға және ата-анасына алғысхат табысталады. Студентімізге шығармашылық табыс тілей отырып, жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

   

 

   




Кері оралу