қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2021

Еуразиялық ынтымақтастық ұйымның «Еуразиялық білім беру форумы»


Еуразиялық ынтымақтастық ұйымның ұйымдастыруымен Қазақстан, Қырғызстан, Россия, Беларусия, Тәжікстан Республикасы университеттерінің Еуразиялық білім беру форумы Қырғызстан Республикасында 2021 жылы 21-29 наурызда Мәскеу, Ош және Бішкек қалаларында 9-11 сынып оқушыларымен университтет ректоры Такир Балықбаевтың арнайы бұйрығы бойынша ФжКББИ доценті Е.Молдасанов, профессор Б.Балгазина, маркетинг бөлімінің жетекшісі Ә.Қаламбаева шетелдік студенттерді тарту және мемлекетаралық ЖОО-мен байланыс орнату мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Форум аясында Абай атындағы ҚазҰПУ университтеттің тарихы, әлемдік нарықтағы орны, шетелдік студенттерді ЖОО-ға қабылдау ережелерімен таныстырып, 3000 студентке кеңес берілді. 30 шетелдік студент Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқуға ниет білдірді. Іс-шара барысында Еуразиялық ынтымақтастық ұйымның директоры Дмитрий Даниловпен, Ош қаласының вице-мэрі Эмир Шадыхановпен, ОшМУ Халықаралық байланыс департаментінің директоры Абдыганы Абдувалиевпен, Россия депутаты Димитрий Ворновскихпен, Минск МЛУ-дің деканы Александр Понимматкомен және т.б мемлекеттердің декандары, кафедра меңгерушілерімен ынтымақтастық шаралар туралы сұхбат өтті.

 

   

 

   




Кері оралу