қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2021

«Ыстық қайрат» поэзия сағаты


Филология және көптілді білім беру инcтитутының бекітілген «Ұлттық тәрбие және Абай мұраларын насихаттау» бағыты бойынша академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары: доцент Рыскүл Бораш, аға оқытушылар Гүлжан Текесбаева мен Шоқанхан Құттыбаевтың ұйымдастыруымен «Ыстық қайрат» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған поэзия сағаты болып өтті.Іс-шараны ашқан кафедраның тәрбие ісіне жауапты маман, доцент Ерсайын Молдасанов бүгінгі шараның студенттердің шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, оларды адамгершілікке, инабаттылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейтінін атап өтті.

 

Поэзия сағаты екі кезең бойынша өтті: бірінші кезеңде қатысушылар «Менің түсінігімдегі «Толық адам» тақырыбында эссе жазып, екінші кезеңде Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан өзара бақ сынады.

 

Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен жүлделі ІІІ орынды Мұсаева Айша, Қали Ақжүніс, Оралханова Жанель Құрманәлі Жадыра алды. Ал ІІ орынды Жұбатқанқызы Гүлфариза, Намаз Жансая, Шафхатова Дана иеленсе, І дәрежелі дипломмен Рахат Жансая, Мұхаметқали Айша марапатталды. Поэзия сағатында екі кезең бойынша оза шауып, үздік өнер көрсеткен Сүйіншәлиев Әділет Бас жүлдені иеленді.

 

  




Кері оралу