қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2021

Кәсіп -болашаққа бастар жол

 

2021 жылдың 09 желтоқсанында  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университтеті, Филология және көптілді білім беру институтының директоры А.В.Таңжарықованың басшылығымен   Қызылорда облысы  Арал ауданы, Арал қаласы және Қарағанды облысы Шет ауданы мектептерімен      «Кәсіп -болашаққа бастар жол» білім беру мекемелері мен қоғам арасындағы тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында және 10-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауда еңбек нарығына бейімдеуге арналған кәсіби бағдар беру форумы өтті.  

 

Форумға 200-ден  аса түлектер мен ата-аналар, ұстаздар қатысты.  Форумда профессор Балтабай Әбдіғазиұлы «Еліміздің басты педагогикалық университтеті»  Абай атындағы ҚазҰПУ. Түлектер қауымдастығының   директоры  Нұрбатыров Болатбек «ҚР-ның тұңғыш университтеті» Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары,  Найманбаев Алмас «Әлеуметтік көмек»  «Мамандықтар әлемі»  (Абай сыйы халықаралық олимп) профессор  Тамаев Алпысбай   «Эссе, шағын әңгімелер жазу стилін қалыптастыру»   атты тақырыптарда пікір алмасып,   ҰБТ 2022 жаңалықтары, университтеттегі әлеуметтік көмек әскери кафедра  «Абай сыйы халықаралық» олимпиадасы, студенттердің өмірі туралы ақпараттар беріліп, ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектердің, ұстаздардың сұрақтарына жауаптар берілді. Университтет түлегі  Шет ауданы Аққой ЖББ мектебінің тәлімгері  Қабдыраш Ақмарал сөз алып, өз университетімен, ұстаздарымен мақтанатынын айтып, мектеп  бітіруші түлектерге  бағыт-бағдар берді. 

 

Форум соңында ҚазҰПУ-нің түлектеріне, түлектер  қауымдастығының директоры  Нұрбатыров Болатбек  басқарма төрағасы-ректор Д.Біләловтің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу