қазақша · русский · english
 
 
 
23.12.2020

«Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде ұйымдастырылған оқу қызметі» вебинары

 

2020 жылдың 21 желтоқсанында Zoom платформасында профессор Манкеш Ақсауленің жетекшілігімен «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде ұйымдастырылған оқу қызметі» тақырыбында вебинар өтті. Негізгі мақсаты - бітіруші курс студенттеріне мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту және қашықтықтан оқыту жағдайында ақпарат беру.

 

«6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттеріне мектепке дейінгі ұйым педагогтерін, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дайындаудағы әлемдік тәжірибелер мен жаңартылған білім беру мазмұнындағы дидактикалық талаптар жөнінде сөз қозғалып, қашықтан оқыту жағдайындағы ұйымдастырылған оқу қызметі көрсетіліп, талданды. Қатысушылар қатарында № 144 мектепке дейінгі ұйым әдіскері Орынбаева А. Б., профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар, докторанттар, студенттер болды.

 

   

 

 




Кері оралу