қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2025

Мәдени - танымдық іс-шара: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мұражайына саяхат


2025 жылдың 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында 6В01802 - Әлеуметтік педагогика (IP) білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен «Мұражайға саяхат» жобасы аясында таныстыру жұмыстарын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мұражайынын басталды.

Іс шараның мақсаты - Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қара шаңырағы атанған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық угиверситетінің ашылу, қалыптасу және даму тарихымен таныстыру, сонымен қатар 1 курс студенттерінің патриоттық сезімдерін дамыту, болашақ мамандығына деген сенімділік, жауапкершілік, білім алуға қызығушылықтарын ояту жән ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді ұстану, жаңашылдыққа ұмтылу, студенттердің ауызбіршілігін нығайту.
Мұражайда студенттерді Қайшыбеков Еркін Базаралұлы қарсы алып, университет тарихымен байланысты құнды ақпараттар берді. Экскурсия барысында студенттер елімізде білім мен ғылымның, мәдениеттің дамуына үлес қосқан тұлғаларға арналған және қазақ батырларының ерлік мұрасына қатысты материалдарды тамашалап, зерделеп, өнерлі студенттердің шығармашылық туындыларымен танысты.
Іс-шараны ұйымдастырғандар - Педагогика және психология факультеті. Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: «Лидер» клубының жетекшісі - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Анар Алимбекова, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Назира Атемкулова, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Асем Булшекбаева, п.ғ.м., оқытушы Шырын Алімжан және п.ғ.м., оқытушы Сандуғаш Раймқұл.

 

                                        alt=




Кері оралу