қазақша · русский · english
 
 
 
02.10.2025

 АБАЙДЫҢ МҰРАЛАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫНДА» атты ғылыми-танымдық және тәрбиелік іс шара

 

2025 жылдың  2 қазаны күні Халықаралық әлеуметтік педагогтер күніне орай Абайдың  туғанына 180 жыл толуына арналған ғылыми-танымдық және тәрбиелік  іс шара өтті.Іс шараның мақсаты - болашақ әлеуметтік педагогтерді еліміздің өркениет дамуына елеулі үлес қосқан хакім Абайдың еңбектеріндегі құнды идеяларымен таныстыру, ғылыми ізденістерге қызығушылқтарын ояту, қарым-қатынас мәдениетіне, адами құндылықтарға негізделген кәсіби әлеуметтіндіру үдерісін жүзеге асыру.Іс - шара барысында - «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1-4 курс студенттері ғылыми, шығармашылық жұмыстары және өнерлерімен бөлісті. Атемкулова Назираның жетекшілігімен 6В01802 - Әлеуметтік педагогика (IP) білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінен құралған «Серпін» хорының орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» және ұстаздарға арналған «Ұстазым» әндері тамашаланды.Іс – шараға қатысқандар – арнайы шақырылған қонақтар ф.ғ.к., абайтанушы  Жабал Шойынбет, ф.ғ.к., әдебиет зерттеуші  Дәурен Мұхамадиев, сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушсі п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева, профессор-оқытушылар құрамы: п.ғ.д., профессор Қадиша Шалғынбаева, п.ғ.к., аға оқытушы Гулмира Ширинбаева п.ғ.м., аға оқытушы Разия Каримова және ұйымдастырушылар: философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессорлар: Анар Алимбекова,  Асем Булшекбаева, п.ғ.к., қауымд., профессор Назира Атемкулова, п.ғ.м., оқытушылар: Шырын Алимжан және  Сандуғаш  Раймқұл.




Кері оралу