қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2020

«Туризм» мамандығының студенттеріне арналған онлайн-дәріс


2020 жылдың 25 қарашасында «Туризм» мамандығы бойынша білім алушылар үшін ҚОӘБ директоры мен Жаратылыстану және география институтының оқытушысы Бекен Ақботаның ұйымдастыруымен Sxodim Travel тур компаниясының директоры Омар Меруерт онлайн-дәріс өткізді. Дәріске жалпы 40 адам қатысты.

 

Дәріс барысында қонағымыз өзінің Туризм саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, Қазақстандағы және шетелдегі туристік қызмет сонымен қатар, турагенттер мен туроператорлардың айырмашылығы мен қызметі туралы, пандемия кезіндегі туристік нарықтың жай-күйі туралы ақпараттар берді. Осы салада өзін-өзі дамытудың баға жетпес тәжірибесімен бөлісті, студенттерге практикалық кеңестер берді. Кездесуде студенттер сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Студенттер үлкен алғыстарын айтып, осындай қонақ дәрістерінің жиі өткізілуіне ниет білдірді.

 

   

 

 




Кері оралу