қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2018

«Туризм-Қазақстан болашағы»

 

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтында Халықаралық туризм күніне байланысты «Туризм-Қазақстан болашағы» мерекелік іс-шара өткізілді.

 

Іс-шараның басты мақсаты институттың профессор-оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен студенттерге тәлім тәрбие беру, Қазақстандағы туризмді дамыту.

 

Институт директоры, профессор Күляш Каймулдинова алғы сөзінде қатысушыларды мерекемен құттықтап, «Туризм бұл өркениет және бейбітшілік жолы, халықтар арасында достастықты нығайтады», деді. Кеш соңында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов сөз алып, меркелік кешті ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Кешті ұйымдастырған студенттік өзін-өзі басқару кеңесі мен География, экология және туризм кафедрасының 1 курс студенттері және топ эдвайзері, аға оқытушы Ардақ Алдашева.

 

   

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу