қазақша · русский · english
   
07.10.2020

Тыңдаушылармен алғашқы онлайн кездесу

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минстірлігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №554 бұйрығына сәйкес және 2020/2021 оқу жылында жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту үшін ұлттық біріңғай тестілеу нәтижелерін қарастыру жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №7 хаттамасының негізінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) 2020/2021 оқу жылында 103 тыңдаушы мемлекеттік грант иегері атанды.

 

Академиялық күнтізбеге сәйкес 2020/2021 оқу жылына қабылданған тыңдаушылармен факультет деканы Ғалия Таубаеваның басқаруымен және оқытушылардың қатысуымен ZOOM пратформасында алқашқы онлайн кездесу өткізілді. Кездесуде тыңдаушылар топ эдвайзерілермен, пәң оқытушыларымен, оқу үдерісімен, сабақ кестесімен, университет ережелерімен танысты. Тыңдаушылардың 95 пайызы қатысып қойылған сауалнамаларына толық жауаптар алып белсенділік көрсетті.

 

   

 




Кері оралу