қазақша · русский · english
   
05.02.2021

«Үздік семестр қызметкері» атағының иегері

 

2020/2021 оқу жылының І семестр қорытындысы бойынша 2021 жылдың 3 ақпанында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) оқытушысы Оразбаева Хадиша Кәдірқызы университеттің «Семестрдің үздік қызметкері» атағына ие болды.

 

Жоғары кәсіби шеберлігі, жемісті еңбегі, білім беру ісіне қосқан үлесі үшін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Университеті Ректорының «Мақтау қағазымен» марапатталды. Былтырғы оқу жылында Хадиша Кәдірқызы Университеттің оқу-тәрбие ісі мен қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін, Университет ректорының «Алғыс хатымен», «Мақтау грамотасымен» марапатталып, жетістіктерге ие болған.

 

Оразбаева Хадиша Кәдірқызы педагогика саласындағы 30 жыл еңбек жолында талай ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп білімалушылардың алғысына ие болған -Ұлағатты Ұстаз. «Оқытушы студенттің көзімен» атты электронды сауалнаманың нәтижесінде жоғары көрсеткіш көрсетті.

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ұлттық тестілеу Орталығының кешенді тестілеуіне тыңдаушыларды дайындауда «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша берген білімінің көрсеткіші өте жоғары деңгейде.

 

Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) ұжымы оқытушысы Оразбаева Хадиша Кәдірқызын шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейді.

 

   




Кері оралу