қазақша · русский · english
   
04.03.2021

Болашақтағы ынтымақтастық:

Абай атындағы ҚазҰПУ - Ажинияз атындағы МГПИ -Бердахан атындағы ҚМУ

 

Қарақалпақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен ғылыми және білім беру байланыстарын орнату және кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында 2021 жылғы 23-28 ақпан аралығында маркетинг бөлімінің бастығы А.Каламбаева және шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының асс.профессоры Т.Айтказина Нукус қаласына (Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы) жұмыс сапарымен барды.

 

Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты мен Бердахан атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің басшыларымен кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді, шетел азаматтарына арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде қазақ диаспорасы өкілдерін оқыту және талапкерлерді рекрутинг жасау саласындағы перспективалар белгіленді.

 

Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою туралы ақпарат Қарақалпақстан Республикасының бірқатар БАҚ-тарында орналастырылған (http//karakalpakstan.uz/kk/news /show/ 2893, http://karinform.uz/index.php, http ://makan.uz/kk/article/16381 және т.б.).

 

   

 

   




Кері оралу