қазақша · русский · english
   
09.04.2021

Тыңдаушылармен кезекті онлайн кездесу

 

2021 жылдың 8 сәуірінде Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты дайындық бөлімінің ОПҚ және тыңдаушыларымен ZOOM платформасында кезекті онлайн-кездесу өткізілді.

 

Кездесу барысында факультет деканы п.ғ.к., доцент Ғ.З. Таубаева күн тәртібіндегі мәселеге қоса, Алматы қаласы қызыл аймаққа кіргеніне байланысты, оқыту үрдісі қашықтықтан оқыту форматында жалғастыратынын айтып өтті. Сонымен қатар, тыңдаушыларды ақпан - наурыз аралығында тапсырған тест нәтижелерімен таныстырды.

 

Оқу ісі жөніндегі факультет деканның орынбасары, аға оқытушы С.М. Джунусова ҰБТ тапсыру үшін құжаттарды сәуірдің 15-нен 30 маусым аралығына дейін қабылдайтынын, биылғы жинайтын балл 140 екенін атап өтті. Соның ішінде, Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, Оқу сауаттылығынан - 20, бейіндік пәндерден - 45 баллдан жинау керек екенін. Педогогикалық мамандықтарға жинайтын шектік балл биыл 75 балл болатынын ескертті.

 

Кездесу соңында тыңдаушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.

 

  

 




Кері оралу