қазақша · русский · english
   
30.12.2021

Шетелдік студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту

 

Шетелдік азаматтарға арналған жәнежоғары оқу орнынаи дейінгі дайындық факультеттің шетел азаматтарынаарналған филология мамандықтары кафедрасының ЮЕСЮ Чжэцзяндық шет тілдері институтымен (ҚХР, Чжэцзян) тығыз ынтымақтастықта.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ЮЕСЮ институтының 2 курс бакалавриат студенттеріне профессор Минаева Назгүл Минаевна мен ассоц. профессор Айтқазина Тоғжан Тельмановна «Қазіргі орыс тілінің лексикологиясы» және «Қазіргі орыс тілінің сөзжасамы» пәндері бойынша сабақ өткізді.

 

2021 жылдың 30 желтоқсанында ЮЕСЮ Чжэцзяндық шет тілдер институтының оқытушы, студенттерімен онлайн кездесу өтті. Аталған пәндер бойынша емтихандардың қорытындысы шығарылып, одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

 

Чжэцзян шет тілдері институтының орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Ву Яньцю және үйлестіруші Бинбинь кафедра меңгерушісі Бегалиева Сәуле Баязовнаға, оқытушылар Минаева Назгүл Минаевна мен Айтқазина Тоғжан Тельмановнаға жоғары деңгейде оқытып,оқу процесімен сабақты тиімді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу