қазақша · русский · english
   
05.05.2022

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының Ашық есік күні

 

2022 жылдың 5 мамырында «Шетел азаматтарына арналған филология мамандықтары» кафедрасы онлайн режимінде Ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға ЮЭСИУ Чжэцзян шет тілдер институтының (ҚХР) өкілдері қатысты.

 

Ашық есік күніне қатысушыларға бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары таныстырылды; Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқуға түсу және оқу шарттары туралы хабардар етті. Профессор Сәуле Бегалиева жетекшілік ететін «Шетел азаматтарына арналған филология мамандықтары» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы таныстырылды.

 

Чжэцзян шет тілдер институтының орыс тілі кафедрасының меңгерушісі У Яньцю ханым екі кафедра арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелерін жоғары бағалады.

 

Кездесуде ынтымақтастықтың алдағы бағыттары талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу