қазақша · русский · english
   
26.12.2018

Шетелдік студенттер Жаңа жылды қарсы алды


25 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Шетелдік студенттерге арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында ф.ғ.к, доцент Гунчам Нұрахунованың басшылығымен (сценариді кафедра меңгерушісі Сауле Бегалиева бекіткен) Жаңа жыл мерекесіне арналған кеш өтті.


3 курс шетелдік студенттер, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-ге академиялық алмасу бағдарламасы бойынша келген студенттер орыс халық ертегісі «Ақшаһар» желісі бойынша қойылым қойды. Шетелдік студенттердің әртістік ойындары, керемет би мен жаңа жылдық әуендер мереке мен шығармашылықты үндестіре түсті. Студенттер мен Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Малайзиядан, Филиппиннен, Мадагаскардан, Конгодан, Венесуэладан келген тыңдаушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бір-бірлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бір-бірлеріне ескерткіш сыйлықтар беріп, көңілді бимен жалғастырды.


Факультет деканы Галия Таубаева мен Шетелдік студенттерге арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сауле Бегалиева қатысушыларды мерекемен құттықтап, институттың қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген студенттерге Алғыс хаттар табыстады. Дәстүр бойынша мерекеге қатысушыларды Аяз ата мен Ақшаһар құттықтады. Ең белсенді білім алушылар аталмыш күні үйлеріне сыйлықтармен қайтты.

 

   

 

   




Кері оралу