қазақша · русский · english
   
01.03.2019

ЖОО дейінгі дайындық факультеті студенттерінің ата-аналарымен кездесу

 

2019 жылдың 1 наурызында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультетінің ЖОО дейінгі дайындық бөлімінде Биология, химия, физика, информатика және тілдік дайындық бағыты бойынша білім алушылардың ата-аналарымен кездесу болып өтті.

 

Кездесуге Республикамыздың шалғай аудандарынан ата-аналар, факультет деканы Ғалия Таубаева, деканның орынбасары Салтанат Джунусова, әдіскерлер мен пән оқытушылары қатысты.

 

Факультет деканы Ғалия Таубаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте атқарылып жатқан игі шараларға тоқталып өтті. Оның ішінде 2018/2019 оқу жылына ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 24 қыркүйектегі №492 бұйрығы бойынша мемлекеттік білім грантына иеленген 84 және 22 ақылы негіздегі білім алып жатқан тыңдаушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына барлық жағдай жасалынғандығы туралы баса айтты.

 

Аталмыш факультеттегі оқу үдерісі университеттің Ғылыми кеңесінде (03.07.2018ж.) бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізілгендігі, типтік оқу жоспарында көрсетілген оқу пәндері бойынша тыңдаушылардың білім деңгейі тест жүйесінде апта сайын өткізілгендігі,апта сайын он-лайн тесттердің ұйымдастырылғандығы, оқу-әдістемелік құралдармен толық жабдықталғандығы т.б. туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, ата-аналарға қысқы емтихан сессия қорытындысы туралы ақпарат берілді.

 

Факультет оқытушылары мен эдвайзерлер ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, сөз алған Нұрдана Мизамхан пен Өтеш Айдынбектің ата-аналары балаларының білім сапасының жоғарылауына, тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың жүргізілуіне (дөңгелек үстелдер мен конкурстар, семинарлар мен кездесулер) факультет ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

   

 

  




Кері оралу