қазақша · русский · english
   
06.12.2019

Дөңгелек үстел: Пушкин және Абай


2019 жылдың 5 желтоқсанында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы А.С. Пушкиннің туғанына 220 жыл және Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел қонақтары: РФ Бас елшілігінің елшісі Ирина Переверзева, Ресей ынтымақтастығы жетекшісінің орынбасары Гүлнара Карамендина, «Жаңа мектеп» директоры, Наталья Вдовина, Орыс мектептерінің мұғалімдері, Қазақстандық ассоциациясының төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ ХЫД-ның қызметкерлері, корей және қытай компанияларының өкілдері қатысты.

 

Бакалавриат студенттері, тілдік топ тыңдаушылары және TORFL курсының өкілдері қазақ және орыс халықтарының ұлы тұлғалары, ақын философ, ағартушы Абай мен орыс ақыны әрі жазушысы Александр Пушкин туралы қызықты бағдарлама қойды. Білім алушылар А.С.Пушкиннің "Салтан хан туралы ертегілер інен" үзінді қойылым көрсетіп, М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінділерді, қазақ тілінде «Татьянаның хаты», ал орыс тілінде «Онегиннің хатын» мәнерлеп оқыды. Қазақ, орыс және өз ана тілдерінде ұлы ғұламалардың өлеңдерін орындаған Қытайдан, Кореядан, Ганадан, Нигериядан, Египеттен, Филиппиннен және Конгодан келген студенттер қонақтардың қызығушылығын тудырды. Оқытушылар кафедраның жұмысы жайлы айтты. Қонақтар дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Ресей ынтымақтастығы орталығы атынан елші Ирина Переверзева шетелдіктерге арналған кафедраға алғысын білдіріп, студенттер мен тыңдаушылардың өнерлерін атап өтіп, кафедраға орыс тілі және көркем әдебиет бойынша кітаптарды сыйға тартты.

 

Іс-шараның соңында Шетелдіктерге арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы мен «Жаңа мектеп» арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, ал Ресей ынтымақтастығының елшісі Ирина Переверзева студенттер мен оқытушылардан аталмыш шығармашылық кешті Ресейлік елшіліктер қайталауды сұрады, мұндай жобаларды барынша көп адамдар көруі тиіс екенін атап өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу