қазақша · русский · english
 
 
 
15.09.2017

 

         2017 жылдың 15-қыркүйегі күні сағат 12-де филология және көптілді білім беру институты мен Алматы қаласы Жастар саясатының дамыту қоры, «Әдебиет әлемі» орталығының ұйымдастыруымен жас ақындар мен білім алушылар арасында әдеби кездесу өтті. Ең алдымен алғы сөзді университетіміздің ф.ғ.д., профессорТемірхан Тебегенов   «Жаңа оқу жылымен»  барша студенттерді құттықтай отырып жылы лебізін білдірсе,ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,Алматы қаласы Жастар саясатының дамыту қоры, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі Мұратхан  Шоқан осы орталықтың ұйымдастыруымен кеше ғана жарыққа шыққан «Жастық - жалын жыр» атты жыр жинағының тұсауын кесті.Кеш қонақтары,яғни еліміздің әр аймағынан келген,осы жинаққа өлең-жырлары жарық көрген ақындар өлеңдерін оқыды.Университетіміздің дарынды студенттері шаршы топты жарып,өздері шығарған өлеңдерін оқып,үлкен ақын аға-апаларымыздың ыстық ықыласына бөленді.

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылар:
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

 жастар саясаты жөніндегі басқармасы,

Филология және көптілді білім беру институты

 

 

 




Кері оралу