қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2021

Марат Тоқашбаевпен сұхбаттасу

 

2021 жылы 3 наурызда Жаратылыстану және география институтының доценті Қастер Сарқытқан мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Президент және халық» газетінің бас редакторы, ҚР мәдениет және білім беру ісінің құрметті қайраткері, Қазақстан Журналисттер одағы мен Жазушылар одағының мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы, Ұлт патриоты, «Алашорданың 100 ізбасары» мәртебесінің иегері Марат Бәйділдаұлы Тоқашбаевпен онлайн сұхбаттасу болып өтті.

 

Шара «Еліңді біл, еліңді сүй» еліңе қызмет ет» тақырыбында өтті. Сұхбаттасуға институтымыздың профессор-оқытушылар және студенттері қатысты. Сонымен қатар, Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова өзінің ізгі тілегін білдіріп өтті. Сұхбаттасу барысында студенттер сұрақтар қойып, мардымды жауаптарын алды және Марат Тоқашбаев «қателік» деп атаған Қазақстандағы бірқатар проблемалар талқыланды. Марат Тоқашбаев мырза сияқты ерекше тұлғамен маңызды тақырыптар айналасында сұхбаттасу студенттеріміз үшін өте пайдалы өтіп, алдағы уақытта әрбір қатысқан адам өмірге жаңа көзқараспен, жаңа идеялармен қарайды деген ойдамыз. Қазіргі уақытта рухани жаңғыру үшін қазақ халқына, қазақ тіліне жанашыр болып отырған тұлғалармен ой бөлісіп, ой алмасу жастарға ой түю, жан-жақты даму үшін өте қажет!

 

   

 

   




Кері оралу